Тоғызкентте Сапақ датқа ескерткіші ашылды

Тоғызкентте Сапақ датқа ескерткіші ашылды

Бүгін Тоғызкент ауылында қазақтың айтулы шешен биі, әрі батыры Сапақ датқаның еңселі ескерткіші ашылды.

Тарихи ескерткіштің ашылуына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрамбек Төлепберген, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиынның ашылу рәсімінде жоғарыда аты аталған ел тұтқасын ұстаған азаматтар сөз алып, тарихта аты қалған тұлғаның топ ішінде тауып айтқан қанатты сөздерінен мысал келтіріп, ел есінде қалған ерліктері жайлы кеңірек баяндады.

Жиынды қорытындылаған Сапақ датқаның ұрпағы, ескерткіштің бас демеушісі Аманкелді Зауырбеков қолдау білдіріп келген барша азаматтарға алғыс айтып, баба әруағына ас беріп, Құран бағыштады.

 

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
06.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 234
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 244
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 507

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18430
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18290
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33477
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32026
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35796