Таза мекені

Таза мекені

Тазалық – тектілік негізі екені белгілі. Оған қоса әрбір саналы адам өз маңайын таза ұстауы қажет. Алайда осыны көп адамның ескере бермейтіні өкінішті.  Еліміздің әр аймағында тазалықтың екі айлығы өтіп жатыр. Соған сәйкес әр аптада сенбілік жұмыстары жүргізіліп тұрады.  Аталған шараға Шу ауданы тың серпін сыйлауды жөн көрген.

Атап айтқанда, бүгін Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің  ұйымдастыруымен «Таза мекен» атты тазалық жарысы өткізілген болатын.  Аудан орталығында өткен шараны аудан әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев ашып, жарысқа қатысушылардың сауапты істеріне сәттілік тіледі.

-Бүгін ауданымызда үлкен шара ұйымдастырылуда.  Бұл жас ұрпаққа үлгі, көше тазалығымен айналысатын жандарға құрмет, туған өлкеге деген махаббат . Әрі сенбілік әрі жарыс болған шараға қатысуға бел буған сіздерге алғыс білдіремін.  Сонымен қатар сайыстарыңыз сәтті болсын! Туған жердің таза мекенге айналдырайық,-деді Найман Кенжеханұлы өзінің сөзінде.

Мұнан кейін  жарысқа қатысуға  өтінім берген 5 адамнан құралған                 13 топ Төле би ауылдық округі әкімі Азамат Ошанов ұсынған көшелерге түсіп, қоқыстарды сұрыптап жинауға кірісті.  Айналасы 2 сағат ішінде              21 көшеден 195 қап қоқыс жиналыпп, барлығы 1 тонна 909 келі «олжа»  жүк көліктеріне тиеді.

Ұйымдастырушылар  әрбір топтың жинаған қоқысқа толы  қаптарын  таразыға тартып, жеңімпаздарды анықтады.  Төле би ауылында тұңғыш мәрте өткізілген жарыста  С.Шәкіров атындағы орта мектептің жас ұстаздары бірінші,  М.Әуезов атындағы орта мектептің тобы екінші,  Бірлік ауылының тобы үшінші орын  тұғырынан көрініп, бағалы сыйлықтарға ие болды.  Сонымен қатар барлық қатысқан топтарға  бағалы сыйлықтар берілді.

Бір айта кетерлігі, бұл жарыста бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері, жеке кәсіпкердің тілді дамыту орталығы мамандары белсене қатысты. Сондай-ақ Төле би ауылындағы білім ошақтары  оның ішінде М.Әуезов атындағы орта мектебі ерекшеліктерімен көзге түсті. Олар жарысқа 3 топ қатыстырып, біркелкі киім үлгісімен келді.

 

Шу ауданы әкімдігі
14.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 116
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 121
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 409
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 798

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18313
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18175
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33362
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31912
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35662