Таразда Халық Қаһармандары мен Еңбек Ерлері бас қосты

Таразда Халық Қаһармандары мен Еңбек Ерлері бас қосты

Жамбыл облысына бір топ еліміздің Еңбек Ерлері мен Халық Қаһармандары келіп, бірқатар ауқымды әрі маңызды шараларға қатысты.

Құрметті қонақтардың қатарында Халық Қаһармандары Бақытжан Ертаев, Айдын Айымбетов, Азамат Жұмаділов, Еңбек Ерлері Аягүл Миразова, Алина Соловьева, Алма Шукыжанова, Рышат Амренов, Құралай Байменов, Мұқаш Ескендіров, Тұрсынбек Макишев, Руслан Қуатов, Мұхтар Тулеутаев, Имамзада Шагиртаев, Мұрат Қайыргельдин бар.

Олардың қатысуымен Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында жас сарбаздардың Ант беру салтанаты өтті. 400-ге жуық сарбаз ант берген шарада Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы Мереке Кучекбаев сөз сөйлеп, Отан қорғаушы болу – өте абыройлы әрі жауапты міндет екенін атап өтіп, жас сарбаздарға сәттілік тіледі. Шара барысында саябақтағы Кеңес Одағының  батыры, даңқты жерлесіміз, әскери  қолбасшы Бауыржан Момышұлының, Халық Қаһармандары Ғазиз Байтасов пен Мейіржан Аймановтардың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылып, рухтарына тағзым етілді.

Сондай-ақ, 85395 әскери бөлімінің Барлау жауынгерлік ротасының жеке құрамы қоян-қолтық әдістерін көрсетті. Құрметті қонақтар  Данқ залын аралап, құнды жәдігерлермен танысып, әскери концерттік бағдарламаларын тамашалады.

Жамбыл облысы әкімдігі
19.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 110
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 116
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 405
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 389

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18306
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18168
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33355
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31907
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35654