Талдықорғаннан табысты оралды

Талдықорғаннан табысты оралды

Жуырда Талдықорған қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен өткен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа Махамбет Дүйсенбаев басқаратын олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының спортшылары да қатысып, лайықты өнер көрсетті. Осылайша, жамбылдық жастар жарқын жеңістерімен жерлестерін қуанта білді. Атап айтқанда, 62 килограмм дәрежесінде Мәрлен Мейірбек чемпион атанса, 87 келі салмақта белдескен Нұрасыл Аманалы барлық қарсыластарын қапыда қалдырды.

Бұл сында Ерасыл Балғабайдың (41кг) бабы келіскенімен, бағы жанбады. Олай дейтініміз, жас спортшы ақтық сынға дейін сүрінбей келіп, финалда ғана қарсыласына жол берді. Осылайша, Ерасыл балуан алтынға бергісіз күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Юсиф Ашпаров (63кг) пен Төлеген Әмірханов (67кг) және Нұрасыл Қалмаханбетов (82кг) қола жүлдені қанағат тұтты. «Ел чемпионатына барлық өңірлердің спортшылары тыңғылықты дайындалатыны анық. Ешкім жеңісті қолдан бергісі келмейді. Өз кезегінде біз үміт артқан спортшыларымыз сенім үдесінен шықты. Қоржынымызда алтын да, күміс те, қола да бар. Әрине, аталған ел біріншілігінде кейбір шәкірттеріміз қателікке бой алдырды. Алдағы айтулы жарыстарда сол қателіктермен жұмыс істеп, жеңіс тұғырынан көрінуге күш саламыз, – деді жаттықтырушы Нұрлыбек Даулыбаев.

 

Әшірәлі КЕНЖЕҚАРА, Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының қызметкері.
01.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 186
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 200
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 466
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 271

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18379
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18239
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33427
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31978
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35744