ТАҒЗЫМ

ТАҒЗЫМ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Еске алу шарасына соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен олардың ұрпақтары мен туыстары, облыс тұрғындары жиналды.

Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың, қоғамдық кеңестің төрағалары, Тараз қаласының әкімі, құзырлы орган, зиялы қауым және этномәдени бірлестік өкілдері де қатысты.

Жиналғандар майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының тарихынан сыр шертетін «Даңқ» залындағы тарихи жәдігерлермен танысты.

Айта кетейік, «Данқ» залы соғыс жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы. 

Ғимаратта 1 миллион 500 мыңнан астам фотошежірелер топтастырылған. Залдың 1941, 1942, 1943, 1944 және 1945 жылдарға арналған қабырғаларындағы суреттерде сол кезеңдегі соғыс көріністері бейнеленген.

Жергілікті майдангерлердің 500-ге жуық медалі де залдан орын алған.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
09.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 70
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 78
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 380
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 230

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18280
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18139
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33329
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31882
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35621