Шыңғыс Айтматов атындағы 40-шы мерейтойлық Халықаралық Ыстықкөл форумы өз жұмысын бастады

Шыңғыс Айтматов атындағы 40-шы мерейтойлық Халықаралық Ыстықкөл форумы өз жұмысын бастады

2026 жылғы 18 маусымда Ыстықкөл көлінің жағалауында «Өркениеттік бетбұрыс кезеңіндегі әлем: болашаққа бірге» атты 40-шы Халықаралық Ыстықкөл форумы өз жұмысын бастады.

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсіміне Қырғыз Республикасының Президенті, жоғары мәртебелі Садыр Жапаровтың қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Форумның модераторы ретінде Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Арслан Қойшиев қызмет атқаруда.

Ашылу салтанатына Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова қатысты.

Айта кету керек, форумның ашылуы аясында қатысушылар «Ата-Бейіт» мемориалдық кешеніне барып, көрнекті қырғыз жазушысы әрі ойшылы Шыңғыс Айтматовтың жарқын рухына тағзым етіп, оның қабіріне гүл шоқтарын қойды.

18–21 маусым аралығында өтетін форумға Нобель сыйлығының лауреаттары, халықаралық ұйымдардың басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері, әлемге әйгілі жазушылар, беделді тарихшылар мен халықаралық бестселлерлердің авторлары, Түркі мемлекеттері мен өзге де шет елдердің жазушылар одақтарының жетекшілері мен көрнекті өкілдері, сондай-ақ мәдениет, өнер және ғылым қайраткерлері қатысуда.

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының аталған форумға қатысуы түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын дәріптеуге, көрнекті тұлғалардың рухани мұрасын ұлықтауға және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қызметінің жалғасы ретінде ерекше маңызға ие.

19.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25919
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25370
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42771
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38604
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43167