СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Омаров Даурен Даниярбекұлы азаматтық қоғам өкілдері мен белсенді жастардың қатысуымен «Antikor» орталығында өткен жиында хабарлады. 

Агенттік тарапынан бастау алған жобаның мақсаты – белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға волонтер ретінде тарту болып табылады. 

Жобаны жүзеге асыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- Қоғамдық бақылау;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру;

- Probono еріктілік (кәсіби көмек көрсету);

- Корпоративтік еріктілік.

Бүгінгі іс-шара барысында жобаның презентациясы ұйымдастырылып, жобаға қатысуға ниет білдірген жастардың тізімі жасақталып, жоба аясында алғашқы жұмыстарға бастау берілді. 

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы,  Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының Жамбыл облыстық филиалы, «Әділдік жолы» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалы, облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының жетекшілері, Жамбыл облысындағы волонтерлық ұйымдарының мүшелері мен белсенді жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлім басшылары мен жастар ресурстық орталықтарының басшылары онлайн форматта қатысты. 

Жиында сондай-ақ волонтерларды тіркеу департамент тарапыпан жүзеге асыралытыны туралы айтылды. Ол үшін волонтер болуға ниет білдірген кез келген азамат Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Айтиев 40 мекен-жайына келіп тіркелуге, немесе департаменттің taraz@аnticor.gov.kz электронды поштасына толтырылған өтінімді жолдай алады.  

Волонтерлер өздерінің мүдделеріне және олар жүзеге асыратын қызмет түріне қарай жеке іс-шараларды немесе жобаның бағыттарын таңдай алады. Жоба волонтерлерінің құқықтары мен міндеттері «Волонтерлік қызмет туралы» ҚР заңына сәйкес жүзеге асырылады. 

Біз бірге қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сондай-ақ жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді және олардың салдарын жою бойынша жұмыс істейтін боламыз.

Құрметті облыс тұрғындары, аталған жоба аясында сіздерді жемқорлыққа қарсы күреске қатысуға шақырамыз! 

Толық ақпарат алу үшін сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/502384?lang=kk

Байланыс үшін: 8 (7262) 93-60-20, 8 771 111 11 86
07.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 135
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 143
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 422
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 412

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18327
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18190
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33377
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31928
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35685