Шахмат шыңындағы Бибісара

Шахмат шыңындағы Бибісара

Шахмат мидың жылдамдығын, ақыл-ойдың ұшқырлығын қажет ететін ерекше спорт түрі. Осы спорт биігін жерлесіміз Бибісара Асаубаева сәтті бағындырып келеді. Ол осы уақытқа дейін екі дүркін Әлем чемпионы болып үлгерді.

Мұндай жетістікке кез келген спортшы қол жеткізе алмайды. Ол алғаш 2021 жылы желтоқсан айында жылдам шахматтан (блиц) Әлем чемпионы атанған. Бұл ересектер арасында шахматтан Әлем чемпионаттарында Қазақстан құрамасына бұйырған тарихи алғашқы алтын медаль.

Бибісара сонымен қатар, ең жас чемпион ретінде де Гиннестің рекордтар кітабына еніп отыр. Жерлесіміз былтыр Польшаның Варшава қаласындағы жоғары жетістігін Алматы қаласында өткен жарыста қайталады. Сөйтіп, отандасымыз екі дүркін Әлем чемпионы атанғандар қатарында.

Бибісара 2004 жылы 26 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. Оның алдағы уақытта да шахмат әлемінің шыңдарын бағындыра береріне сенімдіміз.

 

Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ
25.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 189
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 202
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 469
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 934

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18381
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18241
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33429
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31980
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35746