САРЫСУЛЫҚТАР ҚОЛ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫН КҮТІП АЛДЫ

САРЫСУЛЫҚТАР ҚОЛ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫН КҮТІП АЛДЫ
Биылғы жыл ауданымыздағы спорт саласында жетістіктерге толы жылмен жалғасын табуда. Намысты қолдан бермей, байрақты додаларда шаршы топты жаратын жеңімпаз жас спортшылар ауданның мерейін тасытуда. Әсіресе, спортшы қыздардың асығы алшысынан түсіп жатыр.
🔰Бүгін аудан жұртшылығы жуырда Үндістан мемлекетінің астанасы Нью Дели қаласында жасөспірім қыздар арасында өткен армрестлингтен Азия чемпиондары - Түркістан ауылдық округіне қарасты Арыстанды ауылының тумалары, қос аруымыз Гүлнәр Алиева мен Қарлығаш Елдосқызы мен күміс жүлдегер Түгіскен ауылының жас спортшысы Ләззат Айтжанды қаламыздың кіреберісінен ыстық ықыласпен күтіп алды.
🔰Мұнан соң аудан әкімі Сәкен Мамытов жеңімпаздар аруларды арнайы қабылдап, Азияның төрінде өткен тартысты бәсекеде жүзден жүйрік шыққан спортшыларға жүрекжарды тілегін арнады. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Тасқын Шайхыстамов құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаз жастардың ауданымыздың мақтаныштары екендігін тілге тиек етті. Аудан басшысы жеңімпаздарды аудан әкімінің Алғыс хаты мен қаржылай сыйлықтармен марапаттап, жаттықтырушысы Бақытсерік Қалымбаевқа "Ауданға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісін тақса, Ержан Қалмахановқа аудан әкімінің Құрмет грамотасы берілді. Сонымен қатар, "Қазфосфат" ЖШС-і тарапынан қаржылай сыйлықтар берілді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
и ещё 4
 
 
61
 
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
13.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 191
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 204
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 471
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 460

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18384
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18244
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33431
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31983
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35748