Сарысуда 14 қазаннан бастап толыққанды жылу берілді

Сарысуда 14  қазаннан бастап  толыққанды жылу берілді
Жылыту маусымының басталуына орай жауапты сала мамандарымен бірге Жаңатас қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды араладық.
Абылайхан, Д.Қонаев орта мектептері мен орталық аурухана, жұқпалы аурулар ауруханасы, спорт кешенінің жылу жүйелерін тексеріп, көпқабатты тұрғын үйлерге берілген жылудың сапасын байқадым.
Сонымен бірге, орталық қазандыққа арнайы барып, сала мамандарына жылу беруге толық дайын болуларын, кемшіліктерге орын бермеулерін, жылыту маусымы кедергісіз өтіп, әлеуметтік нысандар мен үйлердің жеткілікті деңгейде жылы болуы тиіс екенін айттым.
Аудандық қазандық арқылы Жаңатас қаласындағы 97 көпқабатты үй, 72 жеке сектордағы тұрғын үй, 313 шаруашылық субъектілер, 18 әлеуметтік нысан, 27 кәсіпорын жылытылады.
Жылыту маусымы басталғаннан бастап, тұрғындар арасында коммуналдық қарыздар көбейіп, өтеу мәселесінде қиындық туады, осыған орай, қалалық әкімшілік, ішкі саясат бөлімдеріне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырдым.
Ауданда 14 қазаннан бастап толыққанды жылу берілді.
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі
15.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 116
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 121
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 409

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18313
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18175
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33362
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31912
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35662