«Садыханда» сабақ өтті

«Садыханда» сабақ өтті

Жақында қалалық төтенше жағдайлар басқармасы «Садыхан» облыстық консультациялық-диагностикалық медициналық орталығында облыстық департаменттің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп өрт-тактикалық сабақ өткізді.

Сабақты өткізуге аталған өрт сөндіру бөлімінің 2 техникасы мен жеке құрамының 8 қызметкері жұмылдырылды. Сабақтың басты мақсаты – өрт сөндіру қызметінің басшы және қатардағы құрамының объектідегі шартты өртті сөндіруді ұйымдастыру мен тактикасының барлық мәселелерін практикалық пысықтау, сондай-ақ объект персоналымен өзара іс-қимылды пысықтау.

Бөлімшелердің алдына қойылған міндеттер сәтті орындалды, сабақ нәтижесінде барлық қажетті әрекеттер тиісті деңгейде пысықталды. Қорытындыда ескертулер мен кемшіліктерді көрсете отырып, талдау жүргізілді. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар басқармасының мамандары медициналық орталықтың қызметкерлерімен өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша нұсқаулық өткізіп, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері бар жадынамалар таратты

Қайрат АЛМАБЕК, төтенше жағдайлар басқармасының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты. Тараз қаласы
24.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 164
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 174
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 450
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 879

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18353
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18216
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33401
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31956
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35714