Республикалық «JasSAQ» этно-реалити телевизиялық жобасы асында экскурсия өтті

Республикалық «JasSAQ» этно-реалити  телевизиялық жобасы асында экскурсия өтті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы және Жамбыл облысының 85 жылдығына орай бекітілген облыстық кешенді жоспары аясында биыл «JasSAQ» этно-реалити телевизиялық жобасы республикалық форматта өтуде.

Аталған өңірлік жобаға республиканың әр өңірінен жастар ресурстық орталықтарының мамандары, волонтерлер, түрлі саладағы белсенді жастар қатысуда.

Жобаның алғашқы күні қатысушылар үшін «Көне Тараз» этно-мәдени кешеніне («Көне Тараз» ашық аспан астындағы музейі, Туризм орталығы, бақылау мұнарасы мен Көркемсурет галереясына) және тарихи-мәдени орындарға («Айша бибі», «Бабаджа хатун» кесенелері «Қараһан» кесенесі, «Даңқ» залы, «Тектұрмас» кесенесі) экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия аясында қатысушылармен басқарма басшысы Ж.Зұлпыхар арнайы кездесіп, сәттілік тіледі.

 Алдағы күндерде республикалық «JasSAQ» этно-реалити телевизиялық жобасы аясында қатысушылар дала заңына негізделген арнайы жасақталған этно-ауылда қазақтың ұлттық ойындарынан бақ сынап, дәстүрлі тағамдар дайындаудан жарысатын болады.

Ғасырлар бойы қалыптасқан құндылығымыз, әлеуметтік – мәдени мұрамыз - салт-дәстүрді жаңғырту, оны жастар арасында дәріптеу ұлттық тәрбиенің бастамасы болып қала бермек. 

06.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 68
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 74
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 378

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18277
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18136
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33326
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31880
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35618