ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТКЕН ШУЛЫҚТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТКЕН ШУЛЫҚТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Өткен аптада ауданымызда ауа-райының қолайсыздығына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Нәтижесінде, көліктер діттеген жеріне жете алмай, жолаушылар құтқарушылардың көмегіне жүгінген еді.
Сондай сындарлы сәтте шулық азаматтар да шет қалмай, қиналғандарға қол ұшын бергені белгілі. Оның ішінде кестесінен кешіккен пойыз жолаушыларына ас-су әзірлеп, қолдау көрсеткен жерлестеріміз де болды. Осыған орай, бүгін төтенше жағдайдың салдарын жоюға және құтқару амалдарына атсалысқан азаматтармен арнайы кездесіп, алғысымызды жеткіздік.
Жұдырықтай жұмылған, сауапты іске бел шеше кіріскен жерлестерімізге арнайы марапаттарын табыс етіп, қысылтаяң шақтағы ауызбіршіліктері үшін ризашылығымызды білдірдік. Олардың арасында құтқарушылар, тәртіп сақшылары мен теміржолшылар, байланысшылар мен кәсіпкерлер, сондай-ақ, мұғалімдер мен қарапайым азаматтар да бар.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі
21.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 99
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 107
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 398

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18298
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18159
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33348
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31899
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35647