Қонақүйлерді, хостелдерді жобалау және орналастыру:
1. бөлек тұрған ғимараттарда
2. жеке кіретін есігі болған жағдайда көп функционалды ғимараттарда
3. көппәтерлі тұрғын үйлердің құрамында орналастыру көзделеді.
1-2 жұлдызды санаттағы сыйымдылығы 30 орынға дейінгі қонақүйлер үшін "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес басқа кәсіпорындармен және мекемелермен біріктірілген кіреберістер мен коммуникациялар көзделеді.
Қонақүйлердің үй-жайлары № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес жарықтандыру нормаларымен қамтамасыз етіледі.
1 жұлдызды – 2 жұлдызды санаттағы қонақүйлердің және хостелдердің тұрғын қабаттарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес тұрғын үй-жайлар шудан қорғалған жағдайда қоғамдық мақсаттағы үй-жайларды (барлар, кафелер, буфеттер, телевизиялық қонақ бөлмелері, іскерлік кездесу бөлмелері, балалар бөлмелері және осыған ұқсас қоғамдық мақсаттағы үй-жайлар) орналастыруға жол беріледі.
Хостелдер 15 адамға кемінде 1 дәретхана кабинасы және 1 қол жуғыш, 1 себезгі кабинасы есебімен санитариялық тораппен қамтамасыз етіледі.
Хостелде асхана, асүй, өз-өзіне қызмет көрсету әдісімен тамақ ішуге және дайындауға арналған бөлмелер жабдықталады, олар жабдықпен, мүкаммалмен, асүй және асхана ыдыстарымен, азық-түлік пен жуу құралдарын сақтауға арналған ыдыстармен жарақталады.
Хостелдер 15 адамға кемінде 1 дәретхана кабинасы және 1 қол жуғыш, 1 себезгі кабинасы есебімен санитариялық тораппен қамтамасыз етіледі.
Жылумен жабдықтау, желдету, ауа баптау жүйелері микроклиматтың оңтайлы және рұқсат етілген параметрлерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген Адамға әсер ететін физикалық факторларға арналған гигиеналық нормативтер (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-95 бұйрығымен бекітілген "Желдету мен ауаны баптау жүйелерін дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24230 болып тіркелген) талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді.
Наурызбай ауданы бойынша тізімде 5 хостел орналасқан. Осы нысандарға тексеруді тағайындау туралы актісіне сәйкес, жоспардан тыс тексеру жіргізіліп, тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы толтырылып, бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді.
Басқарма бойынша жыл сайын «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», «Қонақүй қызметін көрсететін объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында ауданда орналасқан коммуналдық мақсаттағы объектілерді жалға алушыларының арасында кеңестік семинар жүргізіліп тұрады.
Наурызбай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-гигиеналық бақылау,
техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің бас маманы Тұрарбекова Гүлдана Қайратқызы