Қарттарым – асыл қазынам

Қарттарым – асыл қазынам

Елімізде  қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, Үкімет тарапынан жан-жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне осы ардақты да аяулы қарттарымыздың қосқан  үлестері зор   деп есептейміз. Соңғы уақытта  мемлекетімізде бекітілген  жаңа мереке – 1 қазан – қарттар күні.  Үлкендердің  өмір жолдары бүгінгі жастарымыз үшін  сарқылмас қазына. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ, ол – ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты болмақ. 

Міне, осындай мерекеге байланысты таяуда  КМҚК «№46 бөбекжай-балабақшасында»  «Қарттарым – асыл қазынам» атты кеш өткізілді. Бұл кештің мән-мақсаты бүлдіршіндерге  1 қазан – қарттар күні туралы түсінік бере отырып, ата-әжелеріне  құрметпен қарауға, сыйлауға үйрету, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру болатын.  Сондай-ақ  өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға, халқымыздың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздан нәр алуға және құрметпен қарауға  тәрбиелеу. Балаларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, мейірімділік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін түсіндіру. 

Бүлдіршіндеріміз  әжелеріне хормен «Әжетайым» әнін арнап,  әдемі биін  билеп, өз өнерлерін көрсетті. Әсіресе кішкентай Асқарбек Томирис   «Аққу» биімен  келген қонақтарды ризашылыққа бөлеп, олардың көзайымына айналды. Іс-шараға тәрбиеленушілердің әжелері мен аталары қонаққа келіп, олар да өздерінің өнерден құралақан еместіктерін байқатты.  Балдай тәтті немерелеріне арнаған әндерін  айтып, билерін билеп,  мерекелік шашуларын тарту етті.  Бақытгүл Өтешқызы  «Бауырларым» әнін орындап, әдемі көңіл күй сыйласа, Мейрамкүл Махимова, Мейіргүл Ноғайбекқызы  секілді әжелер «Немерем» әнін тарту етті. Кеш соңында қонақтар балабақша меңгерушісі   Аманкүл  Есенсариева, әдіскер Сымбат  Байболатова, тәрбиешілер Света Амангелдіқызы Тоқтарова, Момынжанова Әсел Убахитқызы,   Жансая Тұрысбаева,  Толқын  Абдукалимованы  бала жанының бағбандары – ұстаздар мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс және шығармашылық ізденістер  тіледі. 

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ

 

09.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕҢІМПАЗҒА КӨЛІК сыйға тартылды
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 09.10.2025 89
Иран МАГАТЭ-ні неге айыптады?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 09.10.2025 86

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18498
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18361
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33544
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32094
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35866