Өзекті мәселелер талқыланды

Өзекті мәселелер талқыланды
Күні кеше аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков Ескі Шу ауылдық округіне қарасты Белбасар елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, елдің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Сонымен бірге, алдағы уақытта әкімдік тарапынан атқарылатын жұмыстардың бірсыпырасы атап өтілді.
🔹Ауылдықтар өздерін алаңдатқан күн тәртібіндегі мәселелерді қозғады. Ең әуелі жерасты суының тым жоғары тұрғанын атап өткен тұрғындар елді мекендегі дренаждық ұңғымаларды ретке келтіру керектігін жеткізді. Бұл мәселенің кезек күттірмейтіндігі белгілі. Сондықтан да оны шешудің бірнеше жолын қарастырып, тиімді нұсқасы бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
🔹Одан бөлек, балалар қауіпсіздігі үшін ауылдың негізгі орталық көшесіне жаяу жүргінші жолағын салу, көшені жарықтандыру мен электр бағаналары әбден тозығы жетуі сынды күн тәртібіндегі түйткілдер де басқосу барысында айтылып, жан-жақты талқыланды.
🔹Кездесуде көтерілген сауалдардың ешқайсысы жауапсыз қалмайды. Әрбір мәселе бойынша жеке-жеке зерделеу жүргізіліп, кезең-кезеңімен шешілетін болады. Себебі жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді бір мезетте шешудің оңайға соқпайтыны сөзсіз. Кез келген мәселенің түйінін тарқату алдымен жобаға, одан кейін қаржыға және уақытқа келіп тіреледі. Сол үшін де тұрғындардың түсіністік танытқаны абзал.
Шу ауданы әкімдігі
27.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 114
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 120
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 408

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18312
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18173
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33360
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31911
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35659