Облыс әкімі Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

Облыс әкімі Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 7 мамыр – Отан қорғаушы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты.Баласағұн ОКЗ-да өткен шараға құзырлы орган басшылары, әскери қызметшілер, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы, Ұлттық ұлан және шекара қызметінің өкілдері мен облыс тұрғандары қатысты.

Жамбыл облысының әкімі шараға қатысушыларды Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтап, айтулы дата ел әскері мен оның айбынын асқақтатуға ықпал ететінін атап өтті. Ербол Қарашөкеев тәуелсіз елдің айбынды сарбаздары бабалардың батырлық пен ерлік жолын абыроймен, лайықты жалғастырып келе жатқанын баса айтты. Сондай-ақ, су тасқыны орын алып, төтенше жағдай жарияланған аймақтарда әскерилер алдыңғы шепте жүріп, қол ұшын созып жатқанын жеткізді. Олардың қатарында жамбылдық әскери қызметкерлер де бар.

Салтанатты жиында аймақ басшысы бірқатар әскерилерді, өрт сөндірушілер мен волентерлерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапаттады. Мерекелік шара К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы мен «Оңтүстік» өңірлік әскерлері өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Жамбыл облысы әкімдігі
06.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 75
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 83
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 383
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 231

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18284
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18142
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33334
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31885
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35626