Мерейтойлық пошта маркасы айналымға шықты

Мерейтойлық пошта маркасы айналымға шықты

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы және «Қазпошта» АҚ басшылығы бірлесіп, дүбірлі дода қарсаңында мерейтойлық пошта маркасын жарыққа шығарды. Жаңа пошта маркасын таныстыру рәсімінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров бұл оқиға көшпенді халықтардың бай мәдени мұрасын құрметтейтін және бағалайтын барлық жандар үшін маңызды іс-шара екенін атап өтті. Мерейтойлық пошта маркасы 500 данамен шыққан. Яғни санаулы. Бүгіннен бастап еліміздің әр өңіріндегі пошта бөлімшелерінен марканы пайдаланып, ел ішінде, алыс шетелге сәлемдеме, хат жолдауға мүмкіндік бар. Естелік ретінде сатып алсаңыз да болады. Бағасы – 500 теңге. Мерейтойлық пошта маркасы бірегей филателиялық өнер туындысы болып табылады. Марканың авторы – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының маркетинг бөлімінің басшысы Серік Буксиков. Маркада ежелгі дәстүрдің сақтаушысы – «Бүркітші» бейнеленген. Ол табандылық пен адалдықты бейнелейді. Марканың орталық элементі – көшпенділер философиясында жүзеге асырылған өмірдің айналымы мен уақыт пен кеңістіктің бірлігін бейнелейтін гофрленген шеңбер екенін атап өткен жөн.

29.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 235
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 245
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 508

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18431
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18291
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33478
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32027
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35797