Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасауы

Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасауы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басты назарында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында «Мемлекеттік қызмет істері агенттігі толыққанды стратегиялық HR институтына айналуға тиіс екендігін және елімізге сапалық тұрғыдан жаңа мемлекеттік басқарушылар керек деп» -  атап өтті.

Осы ретте, мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарының қорғалуы оның ішінде олардың тынығуы, бос уақытын отбасына немесе өзінің кәсіби дамуына арнауы кәсіби мемлекеттік аппаратты құруда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.

Сонымен қатар, жұмыскерлердің тынығуға құқығы бар екендігі ел Конституциясында да айшықталған.

Мемлекеттік органдарда орнатылған магниттік картаны немесе қол үлгісін, бет әлпетті сканерлеу арқылы жұмыс орынға кіруді белгілейтін қолжетімділікті бақылау және басқару жүйелерін мемлекеттік қызметшілердің персоналды басқару мәселелерін жүзеге асыратын «Е-Қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен интеграциялау жұмыстары жүргізілді.

Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментімен облыстағы мемлекеттік қызметшілердің негізсіз үстеме жұмыс жасауын болдырмау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Мәселен, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде бірқатар мемлекеттік органдарында жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізіліп, оның нәтижесінде 6 қызметшіге жалпы 6 сағаттан астам демалыс уақыттары берілді.

Одан бөлек, жұмыс уақыты режимінің сақталуына қашықтықтан «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізу нәтижесінде 68 мемлекеттік қызметшіге 115 сағаттан астам қосымша демалыс уақыттары берілді.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89-бабы бойынша әкімшілік істерді қарау Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне берілді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасау мәселелеріне мониторинг жүргізу нәтижесінде жұмыс берушінің мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытының заңсыз асыруы анықталған жағдайда, бірінші кезекте лауазымды тұлғаларға ескерту жасауға, ал бір жыл ішінде қайталап жасаған жағдайда қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатын болады.

28.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 71
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 79
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 381
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 230

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18281
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18140
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33330
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31883
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35622