Мемлекеттік наградалар табысталды

Мемлекеттік наградалар табысталды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстады.
Марапатталғандардың қатарында еңбек ардагерлері, шаруа қожалық төрағалары, педагогтер мен қоғамдық бірлестік өкілдері бар.
Аймақ басшысы түрлі сала өкілдеріне елеулі әрі қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді.
Атап айтсақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің басшысы Шарапат Сүйімқұл мен Қордай ауданындағы «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Айша Идыбоға берілді.
Ал, мойынқұмдық еңбек ардагері Салима Ахметжанова «Шапағат» медалімен марапатталса, Байзақ ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы мектеп гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Азиза Салимова Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысына ие болды.
«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімінің бас сарапшысы Бибігүл Утепова Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасына қол жеткізді. Сондай-ақ, «Раван» шаруа қожалығының төрағасы Азим Гасановқа (Шу), еңбек ардагері Шекер Сатыпалдиева (Мойынқұм) мен «Бірлік» шаруа қожалығының төрағасы Николай Рахметілдаевқа (Байзақ) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хаты тапсырылды.
Байзақ ауданы әкімдігі
28.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 99
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 107
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 398
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 382

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18298
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18159
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33348
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31899
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35647