Мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалар

Мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалар

Қазақстанда жастарды қолдауға бағытталған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялар жүзеге асуда. Негізгі құжаттардың бірі –  «Қазақстан Республикасында жастар саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». Осы бағдарламаға   білім беру сапасын жақсарту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау және салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы іс-шаралар кіреді.

   Жастар ұйымдарына қолдау білдіру  – мемлекеттік саясаттың маңызды элементі. Айталық, мемлекеттік құрылымдар мен жастармен жұмыс істейтін түрлі қоғамдық ұйымдар соңғы кезде қарқынды өсті. Оған  Жастар парламенті сияқты жаңа институттар құру, сондай-ақ еріктілік пен жастар көшбасшылығын дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау жатады.

    Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарына сапалы білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, тұрақты баспанамен қамту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу, экологиялық мәдениет, талантты жастарға көмек, мәдени демалысқа баулу секілді жұмыстар кіреді.

  «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында жарты жыл тәжірибеден өтіп, мамандық бойынша біліктілікті арттырып, қалаған жұмысқа орналасуға мүмкіндік қарастырылған. Жобаның мақсаты – Маман жоғары оқу орнында білім алған соң үш жыл ішінде өзінің кәсібі бойынша жұмысқа орналасады,  жобаның мақсаты да сол. Бұл бағдарламаға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектер қатыса алады.

  Көбінесе түлектер мамандығы  бойынша тәжірибе болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмайды. Осы  «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы  29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарды қолдауға арнап шығарылған. Еліміздің келешегі  жастардың қолында. Сондықтан олар  осындай мемлекет ұсынып отырған бағдарламалар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, өздерінің қажеттеріне жарату  керек.

25.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 191
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 204
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 471
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 275

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18384
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18244
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33431
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31983
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35748