КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ
Жыл сайын көктеммен бірге ілесіп келетін 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні нәзік жанды қауымның асыға күтетін мерекесі. Бұл күні әз әжелерге, ардақты аналарға, аяулы қыз-келіншектерге құттықтаулар айтылып, ақ тілектермен қоса гүл шоқтары табысталатыны белгілі. Дәл осы игі дәстүр биыл да жалғасын тауып отыр. Бүгін аудандағы бірқатар көпбалалы аналарға “Алтын алқа” және “Күміс алқа” алқаларын табыс етіп, мерейлі мерекелерімен құттықтадық. Жалпы, қоғамдағы барлық игіліктердің қайнар бастауында ұлтымыздың ұлылығын ұлықтаған, берекелі тірлікке қамқоршы, тілектес болған аналарымыз бен қыз-келіншектердің тұрғандығы аян. Сондықтан, мемлекетіміздің демографиялық дамуына және тек бір әулеттің ғана емес, тұтас елдің ең басты байлығы - адами капиталдың артуына үлкен үлес қосып, көпбалалы ана атанып, ұрпақтың ертеңі үшін еңбек етіп жүрген нәзікжандыларды бүгінгі күннің нағыз батырлары ретінде мақтан етеміз. Сонымен қатар, ауданымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосып, түрлі салада жетістікке жеткен аяулы аналарымызбен де кездесіп, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, ақ жаулықты әжелеріміздің батасын алдық.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі
07.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 193
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 207
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 474
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 943

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18386
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18249
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33434
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31986
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35750