🔰КЕЗЕКТІ СЕССИЯ

🔰КЕЗЕКТІ СЕССИЯ
🔹Аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков 13 қыркүйек күні «Amanat» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында тоғызыншы шақырылған Шу аудандық мәслихатының кезекті сегізінші сессиясына қатысып, ағымдағы жылдың жеті айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндама жасады.
🔹Мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері және аудан әкімдігіне қарасты ауылдық округ әкімдерінің, бөлім басшыларының қатысуымен өткен сессияда атқарылған жұмыстардан бөлек, алдағы жоспарды және шешімін күткен мәселелерді де атап өтті. Мәселен, ауданымызда үстіміздегі жылы іске асырылатын инвестициялық жобалардың аяқ алысы, егістік жерлер мен ағын су мәселелері, жайылымдық жерлерді, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, тұрғын үй мәселесі, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен баяндады.
🔹Сессия барысында халық қалаулылары тарапынан суармалы жерлерге ағын су жеткізу, қала мен ауылдағы оқушылар тасымалына, қаладағы жол жөндеу жұмыстарына қатысты бірқатар сұрақтар қойылды. Осыған байланысты, сауалдарға нақты жауап беріліп, алдағы уақытта жұмыстың сапасын арттыру мақсатында депутаттармен қоян-қолтық жұмыс жасауға әзір екендігін жеткізді.
Шу ауданы әкімдігі
17.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕҢІМПАЗҒА КӨЛІК сыйға тартылды
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 09.10.2025 184
Иран МАГАТЭ-ні неге айыптады?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 09.10.2025 178

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18585
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18445
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33624
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32176
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35947