Ербол Қарашөкеев саяси партия филиалдарының басшыларымен кездесу өткізді

Ербол Қарашөкеев саяси партия филиалдарының басшыларымен кездесу өткізді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев партиялардың өңірлік филиалдарының төрағаларымен кездесу өткізді.

Облыста саяси партиялардың 7 филиалы (111,2 мың партия) тіркелген, 40-қа жуық қалалық және аудандық филиалдары жұмыс істейді.

Кездесуге «Аманат» партиясының облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, «Қазақстан Халық партиясының» төрағасы Жанат Бастаубаева, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» филиал төрағасы Ержан Дәуренбеков, «Respublika» партиясы филиалының төрағасы Нұрсұлтан Оспанов, «Байтақ» партиясы филиалы төрағасы Серік Қойбақов, «Ауыл» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Берікбол Мәндібаев, «Ақ жол» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Дәурен Ахметжаев қатысты.

Аймақ басшысы партиялықтарды өзекті мәселелерді шешуге атсалысуға және олардың орындалуын бақылауға шақырды.

- Мемлекет басшысы өз Жолдауында аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау қолға алынатындығын атап өтті. Облыстық мәслихат сессиясында сайлау пилоттық режимде Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарында өтеді деген шешім қабылданды, - деді облыс әкімі.

Кездесу барысында қатысушылар экономиканың басым салаларын дамыту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Жамбыл облысы әкімдігі
21.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 127
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 135
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 417
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 403

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18320
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18183
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33368
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31919
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35672