Ербол Қарашөкеев құрылыс нысандарын тексерді

Ербол Қарашөкеев құрылыс нысандарын тексерді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Байзақ және Жамбыл аудандарындағы бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Аймақ басышы алдымен Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысын көрді. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатқан нысанның құрылысы мердігер «Тараз Құрылыс Дизайн» ЖШС жүргізуде. Заманауи талаптарға сай салынатын мектепте жергілікті оқушылардың алаңсыз білім алуына барлық қолайлы жағдай жасалады.

Облыс әкімі білім ошағының құрылысын ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегіне дейін аяқтауды тапсырды.

Биыл облыс бойынша 12 «Жайлы мектептің» құрылысы басталады десек, оның 7-і ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сондай-ақ, Ербол Қарашөкеев аталған ауылдағы және Жамбыл ауданы Қаракемер ауылындағы спорт кешендерінің де құрылысын тексерді.

Аймақ басшысы жауаптыларға құрылыс жұмыстарының сапасын,  мерзімін және қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауда ұстау бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Жалпы, осы жылы 206 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүзеге асады, оның 159-ы ағымдағы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, облыс әкімінің жергілікті жердегі мәселелермен, құрылыс алаңдарындағы жағдайлармен танысу мақсатындағы аудандарға жұмыс сапары әр апта сайын жалғасатын болады.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
17.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 85
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 93
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 391
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 241

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18290
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18150
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33341
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31891
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35634