Дулати университетінің жастары жемқорлыққа қарсы

Дулати университетінің жастары жемқорлыққа қарсы

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультетінің студенттерімен кездесу өтті. 

Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Омаров Даурен Даниярбекұлы қатысты.
Кездесу барысында Даурен Даниярбекұлы қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы кешенді шаралар туралы кеңінен баяндады.

Сонымен қатар, қоғамда орын алатын тұрмыстық жемқорлықтың көбісі азаматтардың өз құқықтарын жетік білмеуінен туындайтынын айтып, жастарды құқықтық сауаттылықты арттыруға және сапалы білім алуға шақырды.

Кездесу барысында департамент тарапынан әзірленген бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Жамбыл облысы
14.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 110
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 116
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 405
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 389

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18306
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18168
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33355
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31907
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35654