АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ 285-І ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУҒА ҚОСЫЛҒАН

АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ 285-І ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУҒА ҚОСЫЛҒАН
Өткен жылы өңірімізде 18 елдімекендегі 22 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізген. Есепті кезеңде облыс аумағында 19,8 миллиард теңгені құрайтын құрылыс жұмыстары іске қосылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Руслан Мұздыбеков айтты.
❗️- Өңір тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде ауылдық елді мекендердің 285-і орталықтандырылған ауыз суға қосылды. Бұл көрсеткіш 77,7 пайызды құрайды. Атап өтерлігі, өткен жылы өңірімізде 18 елдімекендегі 22 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Осы мақсатта есепті кезеңде облыс аумағында 19,8 миллиард теңгені құрайтын құрылыс жұмыстары жүзеге асырылды, - деді Руслан Орынбекұлы.
©️©️©️
✅ Жалпы, облыс бойынша 5 627,2 шақырым су құбыры, 549,1 шақырым су бұру желілері бар. Ал олардың тозу деңгейі жыл санап төмендеп келеді. Айталық, су құбырының тозуы 2,8, су бұру желілері 38,1 пайызды құрап отыр.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
15.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 213
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 226
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 489

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18412
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18271
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33458
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32011
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35777