ӘУЛИЕАТАЛЫҚ ҚҰРАМА ВОЛЕЙБОЛДАН VI ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

ӘУЛИЕАТАЛЫҚ ҚҰРАМА ВОЛЕЙБОЛДАН VI ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Тараз-Арена" спорт сарайында ұйымдастырылған волейболдан Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті.
Чемпиондық атақты ерлер арасында Жамбыл, СҚО, Жетысу, Атырау, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Павлодар облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының құрамалары сарапқа салған болатын.
Тартысқа толы бәсекеде ақтық ойынға Жамбыл облысы мен Павлодарлық құрам жолдама алған-ды.
Нәтижесінде жарыс қожайындары тараздық волейболшылар Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы атанды.
Екінші орын сәйкесінше Павлодар облысының еншісінде, ал үздік үштікті Түркістандық команда түйіндеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы
04.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 159
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 169
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 446
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 432

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18349
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18212
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33397
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31951
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35710