АУДАН ӘКІМІ «ҮМІТ» АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ «ҮМІТ» АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков Қаратау қаласындағы «Үміт» арнайы мектеп-интернатқа барып, тәрбиеленушілермен жүздесіп, мерекемен құттықтап, сыйлықтар үлестірді.
Алдымен аудан басшысы мектеп интернаттың тұрмыстық жағдайымен танысты. Нұрбол Әбдімажитұлы жаттығу және спорт залдарын, бөлмелерді аралап, мекеме басшылығымен және тәрбиешілермен тілдесті.
Бүгінде «Үміт» арнайы мектеп-интернатында 81 бала тәрбиеленуде. Тәрбиеленушілер қажетті барлық затпен қамтамасыз етілген. Мұнда педагогтерден бөлек, медицина қызметкері, логопед, дефектолог, психолог және арнайы кабинеттер жұмыс істейді сонымен қатар, компьютер сыныбы, шеберхана, кітапхана, медициналық блок, жаттығу және акт залдары да бар.
Мекеме ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қазіргі заманға сай қоғамға бейімдеу, әлеуметтендіру, өз бетімен өмір сүруге оңтайлы жағдай жасау, олардың даму мүмкіндіктеріне, ерекшеліктеріне қарай арнайы оқу-тәрбие жұмыстар ұйымдастыру; білім туралы мемлекеттік құжат беру қызметтерін жүзеге асырады.
Аудан әкімі мекеме тәрбиеленушілерінің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Шара соңы «Атамекен» әнімен аяқталды.
Талас ауданы әкімдігі
07.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 121
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 128
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 413
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 399

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18317
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18179
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33365
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31916
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35667