АУДАН ӘКІМІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
«Төртінші билік» деп аталатын баспасөз өкілдерінің қоғамдағы әсері орасан зор. Баспасөз бетіндегі мақалалар арқылы қоғамдық сана қалыптасады. Газет белгілі бір мәселеге бұқараның назарын аударып, сол мәселе төңірегінде пікір туғызады, ұсыныс айтылады.
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай, аудандық «Сарысу» газетінің ұжымын және баспасөз саласының ардагерлерін қабылдап, мерекемен құттықтады.
Қарымды қалам иелеріне шығармашылық табыстар тіледі.
Содан соң аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков кәсіби мереке иелеріне жылы лебізін білдірді.
Шара барысында ақпараттық саясатты іске асыруда жемісті еңбек етіп келе жатқан бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен баспасөз саласының ардагерлері облыс, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аудандық "Сарысу" газетінің ұжымына аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы бағалы сыйлық тарту етті.
Сондай-ақ, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Пернебай Дүйсенбин, КСРО Журналистер Одағының мүшесі Бергентай Нұрмаханов, баспасөз саласының ардагері Темірлан Әбілдаев сөз алып, жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, естеліктерімен бөлісті.
Шара барысында аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Имашев құттықтау сөз сөйлеп, «Сарысу» газеті ұжымына сый-сияпат табыс етті.
Өз кезегінде "Сарысу" газеті редакциясы" ЖШС-нің директоры – бас редакторы Жанна Жетенова газет ұжымына қолдау білдіріп жүрген аудан басшылығына ризашылығын білдірді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
27.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 157
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 167
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 443

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18347
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18210
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33395
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31948
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35708