Атырау облысында тасқын суы 18 мың гектар шабындық алқабын суаруға жіберілді

Атырау облысында тасқын суы 18 мың гектар шабындық алқабын суаруға жіберілді
Атырау облысы бойынша «Қазсушар» мамандары Ойыл өзені арқылы келген тасқын суын өңірдегі 18 мың гектардан астам шабындық алқабын суаруға жіберді. Осының нәтижесінде Ойыл өзеніндегі су деңгейі төмендеді.
Ал, Жайық өзені арқылы келген тасқын суын Бақсай, Нарын, Сарыөзек және Соколок каналдары арқылы суару-суландыру жүйелеріне, лимандарға және Каспий теңізіне бағыттау жұмысы жүріп жатыр.
Сарыөзек каналының тасқын суын қабылдайтын арнасы тазартылып, қорғаныс бөгеті нығайтылды. Каналдың төменгі бөлігінен жаңадан 4,2 шақырым канал тұрғызылып, Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылдық округінің аумағындағы 1500 гектар шабындық алқабы суарылды. Сарыөзек арқылы да тасқын суы Каспий теңізіне бағытталады.
Тасқын суын қауіпсіз өткізу мақсатында Бақсай каналы бойындағы құбырлар мен бөгеттер алынып тасталды. Суды теңізге жіберу үшін жаңадан 4 шақырым канал тұрғызылып, Нарын каналының бас бөлігінің арнасы тазартылды. Бүгінгі күні канал бойындағы 4,5 гектар шабындық алқабын тасқын суымен суару жұмысы жүргізілуде.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
11.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 70
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 78
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 380
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 230

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18280
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18139
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33329
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31882
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35621