Аспалы көпір қажеттігін айтты

Аспалы көпір қажеттігін айтты
Облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиев жұмыс сапарымен ауданға келді.
Алдымен мәслихат төрағасы Аса ауылындағы темір жол алқабына барды.
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның Тараз қаласынан Жаңатас қаласына дейінгі және кері бағыттағы 6 жолақты темір жолдан 1000-нан аса тұрғын өтетінін алға тартып, аспалы көпірдің қажеттігін жеткізді.
Сондай-ақ 2021 жылы көпір салуға жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Жалпы құны - 273 млн 555 мың теңгені құрайды. Көпір ұзындығы - 39 метр, ені 2,60 метрді құрайды. Бүгінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаражат қажеттігі байқалады.
Темір жол маңына ауыл тұрғындары да жиналып, мәслихат төрағасынан оқушылардың мектепке барып келуі үшін алаңдайтынын, қауіпті аймақ екенін жеткізіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге ықпал етуін сұрады.
Ауылдықтардың мәселесін мұқият тыңдаған Абдалы Тоқбергенұлы алдағы уақытта бұл мәселенің шешілуі үшін күш салатынын айтты.
Жамбыл ауданы әкімдігі
18.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 179
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 194
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 461
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 450

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18370
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18232
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33420
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31972
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35735