Игілікте асарлатып салынған үй пайдалануға берілді

Игілікте асарлатып салынған үй пайдалануға берілді

Қайырымдылық ісіңнен көрінеді. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, мұқтаж жандарға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Себебі, ағайынның тірлігі асармен бітеді. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

Осы орайда, жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасына сәйкес, Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтың ұйытқы болуымен асар жобасы аясында тағы да бір отбасы баспаналы болды. 

Қуанышқа ортақтасқан аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов асар жобасына атсалысқан Игілік ауылдық округі әкімінің  алғыс хатымен ауыл тұрғындары Жамбыл Досаев,Бәйтік Тоқжұманов, Сарсенәлі Ақболтаевтарды марапаттады.

Содан соң, ауыл ақсақалдар сөз сөйлеп, ақ баталарын берді. Игілік өнер мектебінің өнерпаздары әннен күйден шашу шашып, үй егесі Танакүл Шайқыстанованың ізгі лебізі тыңдалды. 

Соныман қатар асарға демеушілік көрсеткен Игілік өндірістік кооперативі мен Игілік өнер мектебінің ұжымына және ауыл тұрғындарына алғысымызды білдірдік.

Жандос Жанайдаров, Игілік ауылдық округінің әкімі
31.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 215
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 227
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 491

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18416
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18274
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33461
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32013
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35779