Алматыда Future Makers Festival аясында АҚШ-тың Тәуелсіздік күні аталып өтеді

Алматыда Future Makers Festival аясында АҚШ-тың Тәуелсіздік күні аталып өтеді

2026 жылғы 4 шілдеде Алматыдағы Америкалық бұрыш Алматы тұрғындары мен қонақтарын Future Makers Festival аясында өтетін АҚШ-тың Тәуелсіздік күнін мерекелеуге шақырады. Іс-шара АҚШ тарихын, мәдениетін, инновацияларын және STEAM бағыттарын таныстыратын білім беру, ғылыми, шығармашылық және мәдени бағдарламаларды біріктіреді.

Фестиваль Алматыдағы Америкалық бұрыш бастамасымен, Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясының қолдауымен ұйымдастырылады. Іс-шараның мақсаты - жастардың ғылымға, технологияға, инженерияға, өнерге және ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру, АҚШ мәдениеті мен дәстүрлерін интерактивті форматта таныстыру және Америкалық бұрыш ұсынатын білім беру мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.

Фестиваль аясында қатысушылар келесі интерактивті алаңдар мен белсенділіктерге қатыса алады:

15:00–19:00 — Ақпараттық бұрыш, фотобұрыш, кітаптар тарату, белгіше алу мерекелік интерактивтер

15:00–17:30 — STEAM шеберлік сабақтары және технологиялық аймақтар (STEAM аясындағы химия, өнер және қолөнер, Ардуино  және робототехника)

15:00–17:00 — Америкалық ойындар (үстел ойындары және «Корнхол» ойыны)

 

17:30–18:30 — Америка туралы викторина (жүлделермен)

18:30–19:30 — Сөйлеу клубы және «Jeopardy» интеллектуалдық ойыны

Future Makers Festival қатысушыларға АҚШ-тың Тәуелсіздік күнінің дәстүрлерімен танысуға, жаңа технологияларды тәжірибе жүзінде көруге, инженерлік және шығармашылық бағыттарда өз қабілеттерін сынауға, ағылшын тілін тәжірибеде қолдануға және Америқалық бұрыш білім беру бағдарламалары туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Өтетін күні: 2026 жылғы 4 шілде

Уақыты: 15:00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 43, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы

Қатысушылар жасы: 14+

Қатысу тегін

Тіркелу: https://forms.gle/hhNkm7uVCDVgagkr5 

Instagram: https://www.instagram.com/americancorner_almaty/

 

01.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26141
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25595
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42988
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38798
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43389