Алматы World Craft City ресми мәртебесін алды

Алматы World Craft City ресми мәртебесін алды

Алматы, Қазақстан – 5 қазан, 2025 жыл

5 қазан күні Алматы қаласына World Craft City – әлемдік қолөнер қаласы мәртебесі ресми табысталды. Бұл шешімді Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесі (World Crafts Council) қабылдап, Алматының мәдени мұраны сақтаудағы, қолөнерді дамыту мен креативті экономиканы қолдаудағы үлесін алға тартты.

Салтанатты рәсім 4 қазан күні Республика сарайының алдындағы Абай алаңында басталған ALA CRAFT 2025 халықаралық фестивалі аясында өтті. Фестивальге Қазақстан, Азия, Еуропа, Австралия және АҚШ елдерінен 100-ден астам шебер қатысып, Орталық Азияның қолөнер саласындағы ең айтулы оқиғаға айналды.

«Алматыға World Craft City мәртебесінің берілуі – қаламыз үшін маңызды жетістік. Ол Алматының креативті индустрия мен мәдени туризм орталығы тұрғысындағы халықаралық беделін нығайтады. Сонымен қатар, біздегі қолөнерді жаһанға танытуға, білім беру бағдарламаларын, халықаралық шеберлік резиденцияларын дамытуға және қолөнердің қала экономикасына интеграцияланған тұрақты экожүйесін қалыптастыруға жол ашады», – деді Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.

Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің Азия-Тынық мұхиты аймағының президенті Jude van der Merwe өз сөзінде Алматының бұл мәртебеге лайық екенін атап өтті: «Алматыға World Craft City мәртебесінің берілуін – оның тоқолөнерді дамыту мен халықаралық мәдени ынтымақтастыққа қосқан үлесін мойындау деп түсінуге болады. Мұнда шеберлерге жақсы қолдау көрсетіледі, салт-дәстүрді сақтап, келер ұрпаққа жеткізуге барынша жағдай жасалған. Бұл – Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің миссиясына толық сәйкес келеді».

2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында Алматыға 1,14 млн турист келді, оның 323 мыңы – шетелдік қонақтар. World Craft City мәртебесін алып, ALA CRAFT 2025 фестивалін өткізген соң, креативті экономика саласына қызығушылық танытқан саяхатшылардың, зерттеушілер мен инвесторлардың  назары Алматыға ауары сөзсіз.

Фестивальдің есте қаларлық сәтінің бірі – шарада орнатылған әлемдік рекорд. Еліміздің алып күш иесі, төрт дүркін әлем рекордшысы және Гиннес рекордтар кітабында аты жазылған Сергей Цырульников ерекше шоу көрсетіп, Global Book of Records-қа жаңа әлемдік рекорд енгізді. Ол небары 54  секунд ішінде тоғыз темір тағаны майыстырды. Бұл алдыңғы үш тағаның формасын өзгерткен америкалық азаматтың рекордынан үш есе күшті көрсеткіш. Фестиваль қонақтарының рухын көтерген бұл жетістік Алматыны әлемдік деңгейдегі рекордтар сахнасына айналдырды.

 

Фестивальдің толық бағдарламасы мен қосымша ақпаратты www.alacraft.kz сайтынан таба аласыздар

 

07.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 202
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 215
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 480

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18397
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18258
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33444
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31995
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35763