«Айғайтас» үңгірінің құпиясы

«Айғайтас» үңгірінің құпиясы

Біз әкем, анам және інім бәріміз Нарынқолдағы нағашы Зейнехан әжемнің ауылына барып қайттық. Биік-биік таулар, әсем жазиралы жоталар, желкілдеген шалғын, қандай сұлу жер десеңші! Нағашы әжемнің ауылы тура Қытайдың шекарасында орналасқан. «Қызылшекара» деп аталады. 

Біз нағашы ағамның дәу машинасымен жайлауға бардық. Бұл жер тіптен сұлу екен. Бұлақтары сылдыр қағып ағып жатыр. Жылқылар, сиырлар, қойлар деген көп екен. Киіз үй тігулі. Іші сап-салқын. Жалпы жайлау сабаты, самалды өлке. Мен, інім және балалар тұңғыш рет қозыны, лақты, бұзауды ұстадық. Олар қандай сүйкімді десеңші! Інім атқа мінді. Ал мен қорықтым. 

Бәріміз жаяу «Айғайтас» үңгіріне бардық. Қап-қара болып үңірейген үңгір қорқынышты екен. Райымбек батырдың сарбаздары жаумен осы жерде шайқасып болған соң үңгірде дем алған дейді. Үңгірдің арғы жағына кірмедік. Бергі жағына суретке түстік. Мен әңгімемді осымен аяқтаймын. Өте әсерлі сапар болды. Қалған таңғажайыптарды кейін тағы да атам екеуміз жазамыз. Әзірге қош болыңдар!

Әлима НҰРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

 

10.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 191
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 204
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 471
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 275

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18383
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18242
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33430
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31981
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35747