Құрметті журналист қауымы! Сіздерді Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Баспасөз қай кезеңде де халықтың үні, ары мен намысы деп қабылданған. Сондықтан да, журналистерге үлкен жауапкершілік пен мол міндет жүктеліп отыр. Халық арасында журналист мамандығы өзінің жоғары мәртебесімен, өзгеше сыйымен ерекшеленеді. Кадірлі де ардақты мамандықтың иелері ретінде еліміздің мәдени, ағарту, рухани саласын дамыту ісіне қосып отырған сүбелі үлестеріңізді ерекше атап өткіміз келеді. Елдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси реформаларды жүргізуде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін ескере отырып, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын терең әрі жан-жақты насихаттауға үлес қосқандарыңыз үшін Сіздерге шынайы ризашылығымызды білдіріп, зор алғыс айтамыз.
Журналистика саласына сіңірген еңбектеріңіздің жемісін көріп, шығармашылық жетістіктер мен биік мәртебеге жете беріңіздер. Осынау мерейлі мерекеде отбасыларыңызға ортаймас ырыс, береке-бірлік, тыныштық пен игілік тілейміз. Тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында журналист қауымы да бүкіл қазақстандықтармен қатар тұрып еңбек етуде десек, артық айтқанымыз емес.
Құрметті журналист әріптестер, ақ тілектің артығы болмайды, ел болашағы жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық, қаламдарыңыздың ұшы одан әрі ұштала беруіне тілектеспіз.
ІЗГІ НИЕТПЕН,
«QAZAQSTAN DAUIRI» ЖШС ұжымы