ЖИ КӨШЕНІ ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛАДЫ

ЖИ КӨШЕНІ ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН  ЕСЕПКЕ АЛАДЫ

 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, Петропавлдағы көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 366 шақырымды құрайды. Қыста жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында қала аумағы тоғыз секторға бөлінген. Қазіргі уақытта жолдарды тазалау және күтіп-ұстау жұмыстарына 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Боранда қажеттілікке қарай олардың саны 170-ке дейін жеткізіледі.

Алдымен магистральдық көшелер, тротуарлар және әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар тазаланады. Қыс басталғалы бері қала аумағынан 190 мың текше метр қар шығарылған.

«КазМехМонтаж» ЖШС қарамағында 40-тан астам техника бар. Олардың ішінде автогрейдерлер, МТЗ базасындағы щеткалар, көшелерге реагент себуге арналған жол машиналары және 15 жүк көліктері бар. Барлық арнайы техника GPS-трекерлермен жабдықталған, бұл олардың қозғалыс бағыттарын, орналасқан жерін және жұмыс уақытын бақылауға мүмкіндік береді.

Көшелерді тазарту күн сайын, негізінен түнгі уақытта жүргізіледі, себебі күндіз көлік қозғалысының көптігіне байланысты жұмыстарды орындау қиындайды. Жеке сектор тұрғындарынан түскен өтініштермен күндізгі арнайы бригада жұмыс істейді.

Сонымен қатар облыс орталығында коммуналдық салада цифрлық бақылау күшейтіліп жатыр. Жақында көшелерден қар шығару және жолдарды тазалау жұмыстарын есепке алатын жасанды интеллект жүйесінің алғашқы таныстырылымы өтті. Бұл жүйе атқарылған жұмыстардың көлемін автоматты түрде тіркеп, арнайы техниканың қозғалыс маршруттарын талдауға және қар шығару бойынша көрнекі статистика қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, ЖИ енгізу процестердің ашықтығын арттырып, бақылауды жеңілдетуге және қысқы кезеңдегі жұмыстарды тиімді жоспарлауға бағытталған. 

Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы (облыс әкімдігінің баспасөз қызметі материалдары бойынша әзірленді)
29.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23461
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23124
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39370
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36623
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40755