Жетісу облысы. Негізгі салалар бойынша тұрақты өсім бар

Жетісу облысы. Негізгі салалар бойынша тұрақты өсім бар

2025 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 108,1%. Бұл барлық негізгі салаларда тұрақты өсім бар екенін айғақтайды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 3,3%-ға өсіп, 417,4 млрд теңге болды. Ауылшаруашылығының жалпы өнімі 483,2 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артты.

Өңірге 611 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, 12,8% жылдық өсім көрсетті. Тартылған инвестициялардың 71% немесе 435 млрд теңгесі жеке инвестицияларға тиесілі. Инвестициялардың нақты көлем индексі 2024 жылмен салыстырғанда 106% болды. Бұл ретте 2025 жылы жалпы құны 50,6 млрд теңгелік 25 жоба іске асырылып, шамамен бір мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 9,7%-ға артты. Осы орайда 412,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғы деңгейден 11%-ға жоғары.

2023 жылмен салыстырғанда жүк тасымалының артуына байланысты көлік қызметтерінің көлемі 1,5 есеге өсті. Атап айтқанда, теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2,1 есеге, ал автомобиль көлігімен тасымалдау 1,5 есеге артты.

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА

29.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23461
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23124
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39370
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36623
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40755