Жедел ішек инфекциялары: себептері, белгілері және алдын алу

Жедел ішек инфекциялары: себептері, белгілері және алдын алу

Жедел ішек инфекциялары (ЖІИ) — бұл асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын, бактериялар мен вирустар тудыратын жұқпалы аурулар тобы. Жылдың кез келген мезгілінде кездеседі, бірақ әсіресе жаз айларында жиілейді.
Негізгі себептері: тазалық сақтамау (жуылмаған қол);
Сапасыз немесе мерзімі өткен тамақ өнімдерін пайдалану;
Дұрыс жуылмаған жеміс-жидектер мен көкөністер;
Микробпен ластанған су ішу.
Аурудың басты белгілері:
Дене қызуының көтерілуі және әлсіздік;
Іштің түйіліп ауыруы;
Жүрек айну, құсу;
Іштің өтуі (диарея).
Не істеу керек?
Жедел ішек инфекциялары кезіндегі ең үлкен қауіп — ағзаның сусыздануы. Сонымен қатар, өз бетінше антибиотиктерді қабылдауға болмайды — бұл ішек микрофлорасын нашарлатып, емді қиындатады.
1. Ішетін сұйықтық мөлшерін арттырыңыз: Қайнаған су немесе дәріханалық арнайы тұзды ерітінділерді (солевые растворы) аз-аздан, жиі ішу керек.
2. Дәрігерге жүгініңіз: Әсіресе балалар мен егде жастағы адамдарда симптомдар байқалса, бірден медициналық көмекке жүгінген жөн.
Алдын алудың 4 басты ережесі:
Ас ішер алдында және даладан келгенде қолды сабынмен жақсылап жуу;
Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі таза суды ішу;
Тамақты пісіру және сақтау ережелерін (тоңазытқышта) қатаң сақтау;
Жеміс-жидекті ағынды сумен мұқият жуу.
Алдын алу ережелерін қарапайым сақтау сізді және жақындарыңызды бұл аурудан сенімді қорғайды.

Наурызбай ауданының
снитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
В.Конеева

Наурпызбай ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
эпидемиологиялық бақылау
бөлімінің бас маманы
З.Куренкеева

21.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27857
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27355
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44705
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40410
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45031