"Жазғы демалыстан нені күтесің?"

"Жазғы демалыстан нені күтесің?"

Жаз – менің ең көп күтетін мезгілім. Себебі жаз келгенде мектеп бітіп, демалыс басталады. Ал демалыс – бұл ойын, серуен, демалу және жаңа қызықты сәттер!

Мен жазғы демалысты ерекше асыға күтемін. Себебі бұл уақытта мен өзіме ұнайтын істермен айналыса аламын. Ең бірінші армандарымның бірі – Джиу-джитсуға барып, қайта жаттығуымды жалғастыру. Себебі сабақ басталып кеткенде сабақ кестем джиу-джитсуға баруға тура келмейді. Сонымен қатар жаздың демалыс күндері ауылға жол тартамыз. Ауылда ата-әжем тұрады. Олар мені күтіп, бау-бақшаны көрсетеді, тәтті тағамдар пісіреді. Ауылда табиғат таза, көк майса шөптер, ыстық күн, балмұздақ – бәрі-бәрі керемет! Ауылдың таза ауасы тынысыңды ашады.

Жазда мен күнде ерте тұрып, таза ауада ойнағым келеді. Достарыммен доп қуалап ойнаймын, велосипед тебемін, сурет саламын. Егер ауа-райы ыстық болса, үйдегі әкем құрып берген хауызға түсіп, бауырларыммен шомыламыз. Суық суға түсіп, күнге қыздырыну жаздың нағыз қызығы деп ойлаймын!

Тағы бір арманым – отбасымызбен саяхатқа шығу. Біз табиғатқа шығып, тауға немесе көлге  барғымыз келеді. Шатыр тігіп, аспандағы жұлдыздарға қарап жатсақ, қандай керемет болар еді! Тіпті сол жерде фотоға түсіп фотоальбом жасасақ, болашақтың тарихы емес пе?

Мен жазда тек қыдырып қана қоймай, пайдалы істермен де айналысқым келеді. Мысалы, кітап оқимын, әдемі әңгімелер оқып, ата-анама үй шаруасында көмектесемін. Бұл – менің білімімді ұмытпай, бос уақытымды дұрыс пайдалануыма көмектеседі.

Жазғы демалыстан мен не күтемін?  Мен қуаныш, бақыт, достармен қызықты сәттер, таза ауа, суға шомылу, тәтті балмұздақ және әр күннің ерекше болуын күтемін!

Жаз – бұл кішкентай армандардың орындалатын уақыты. Сондықтан мен бұл мезгілді ерекше жақсы көремін! 

Азамат КАБДРАШЕВ, 

А.Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім 

беретін лицей орта мектебінің 

3 «В» сынып оқушысы

 

13.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24161
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23830
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41302
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37216
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41509