Жасөспірімдердің өз-өзіне қол салулары үдеп барады

Жасөспірімдердің өз-өзіне  қол салулары үдеп барады

Кез келген тірі жанның өмірінің қиылуы үлкен трагедия. Адамзат жер бетіндегі Алланың өмір берген жаратылысы. Олардың бойында адамға тән қасиеттер - махаббат, реніш пен налу, кек алу, жүрекке жылы қабылдау сезімдері болады. Жер бетіндегі адамнан басқа бірде-бір тірі жан өз еркімен өз өмірін құрбан етпейді. Оған бір келеңсіз жағдайлар әсер еткенде адам суицидке барады екен. Адам баласы жаратылғаннан бері өзін-өзі құрбан ету бұрыннан болып келе жатқан жағдай.

Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер, жағдайлар мен әртүрлі қиындықтар балалардың психологиясына өзінің кері әсерін тигізуде. Бүгінгі күні күллі әлемді есеңгіретіп отырған суицид мәселесі қоғам дертіне айналуда. Басына іс түскен кезде адам әртүрлі қиыншылықтардан, ауыртпашылықтардан қандай да болмасын бір жолмен құтылғысы келеді. Осындай жағдайды бастан кешкен жасөспірімнің психикасында «Менің ешкімге керегім жоқ, мен ешнәрсе істей алмаймын» деген ойды миынан шығармайды. Жасөспірімдер кейде еліктеушілікке душар болып, өзі көріп-білген теледидар мен әртүрлі кітаптардағы іс-әрекетті қайталауға құмар болады. Мұндай қылықтары арқылы көпшіліктің назарын өзіне қаратқысы келеді.

Жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиілеуіне, психолог мамандардың айтуынша, көбінесе қаржы мәселесі, психикалық аурулар, қоршаған адамдармен түсініспеушілік, зорлық-зомбылық, есірткі қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар, атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдер көру, отбасылық және қоғамдық тәрбиенің жетіспеушілігі әсерін тигізеді. Балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтік әрекеттерге жиі баратындар 15-19 жас аралығындағылар екен. 5-8% жасөспірімдер өзін-өзі өлтіруге әрекет жасайды.

Ал 5  жасқа  дейінгі   балалардың  өзін-өзі өлтіру әрекетіне баруы жоқтың қасы екен. Бұл – ғалымдардың зерттеуі. 9 жасқа дейін 2,5% отбасылық қақтығыстарға байланысты, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі қол салу ісіне барады. Олар көбіне ата-анасымен, мұғалімдерімен кикілжіңге бару салдарынан болады. Жастар арасында әсіресе қыздар сүйген өздерінің жігіттерімен ұрсысып қалу себебінен суицидтік әрекеттерге барады. Суицидтің ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы екен.

Жастар қазіргі уақытта өз өмірлерін дұрыс бағалай алмайтын болды. Қандай да бір мәселені шеше алмай жатса, олар өз өмірлерін ойланбастан қия салуға дайын тұрады. Уайым-қайғысыз өмір, жанға тыныштық және махаббатты олар осылай жеңіл жолмен табатын сияқты. Әдетте жасөспірімдер мен балалар жерлеу рәсімін көз алдарына келтіріп, ата-аналарының қалай жылағандарын елестетіп, сөйтіп олардан өшін осылай алмақ болады. Сонымен қатар адам өліміне жалғыздық, әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Қоғамда өмір нашар болған сайын суицидтік жағдайлар арта түспек.

Суицидтік мінез-құлықтың 5 түрі кездеседі:

Өзін-өзі жазалау 

Жанашырлыққа шақыру 

Қайғыдан қашу 

Протест 

Өмірден бас тарту 

Суицид жасалу сәті зерттеулер бойынша көктем, жаз жыл мезгілдерінде сейсенбі күні жоғары болады. Күз, қыс мезгілдерінде сәрсенбі, бейсенбі күндері суицидтің жасалуы төмен болады деп қарастырады. Суицидті мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, кейде дені сау жандарда да кездеседі. Мұндай мінез-құлық балалар үйінде және толыққанды емес отбасында өскен балаларда болады. Сондай-ақ отбасыдағы реніш, ата-ананың айырылысуы да себепкер болмақ.

Суицидтік мінез-құлықтың белгілері:

Депрессиядан кейінгі суицидтік белгілер – жалғыздықты қалайды, басқалардан оқшаулану, дене белсенділігі жоқ, ұзақ уақыт жалғыз отыра алады. Балалар сабаққа құлқы жоқ, қозғалыстың бұзылуы, достармен кездесуден бас тартады. Тәбет, ас қорыту функциялары, түрлі оқшауланудың әсері бар, ұйқының бұзылуы. Балалар аса қатал, қыздар ашулы болып, депрессияға шалдығады. Олар түрлі ойдан шығарылған оқиғаларды ойлап тауып, суреттерде өз-өзіне қол жұмсайды. Жасөспірімдер өлім туралы жиі әңгімелеп, оны талқылау, келешекке деген үміттің, қызығушылықтың жойылуы, мерекелерді, туған күндерді тойлауға қарсы болу. Жиі шаршайды, сөйлеу, қозғалыстар баяулайды. Оқуға деген құлқы жойылады, ұйқысыздық, әлсіздік, ойға жиі шомылу, дене салмағының азаюы болады.

Кейде жасөспірімдер өз-өзіне қол жұмсайтын ойларын ашық түрде білдіреді: «Менің өмір сүргім келмейді», «мен үшін өмір аяқталды» деп. 

Әрбір ата-ана балаларында осындай жағдайлар болмау үшін мінез-құлқының өзгерісіне зер сала қарап, оларға үнемі көңіл бөліп отырғаны жөн.

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
27.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 68
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 120
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 71
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 72

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24056
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23724
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41205
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37128
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41388