Қазыбай Мерейлім Мәнібекқызы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында тұрады. Қазір жасы 8-де. Көркем гимнастиканы 5 жасында «Балдәурен» балабақшасынан бастаған болатын.
Ол «СЕЕ Қ.Әбсәметов атындағы орта мектеп» КММ 2 «а» сынып оқушысы. Мерейлім 30қазан-1 қараша аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен халықаралық «Pirouette S.P.S.M Challenge Cup 2026» көркем гимнастика жарысында жүлделі ІІ орынға ие болды.Мерейлімнің бапкерлері: Құдайбергенова Асия Асқаровна және Ержанова Балжан Ержановна. Аталған халықаралық додаға 13 елден 300-ге жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс Sheikh Saeed Bin Maktoum Sport hall кешенінде өткізілген болатын. Осындай ауқымды байқауда Мерейлімнің үздіктер қатарынан көрінуі үлкен жетістік болып саналады. Жас гимнастың бұл 9 ай бойы тер төгіп, еңбектеніп жеткен жеңісі. Бұл жеңіс – тынымсыз еңбектің, табандылықтың, төзімділік пен үздіксіз жаттығудың жемісі. Мерейлім халықаралық додаға алғаш шығып, қатысып отыр. Қазіргі таңда ол 3-ші жасөспірімдік разряд алуға дайындық үстінде. Жетістіктері: қалалық көркем гимнастика ға қатысып, 3 рет 1 орынмен марапатталды, облыстық кезеңде 3 орынмен 1 рет марапатталды, аудандық кезеңде 1 рет 1 орынмен марапатталды.
Мерейлімнің сабағы жақсы, сынып үздігі, сондай-ақ математика, дене шынықтыру пәндерін өте қатты жақсы көреді. Сынып жетекшісі: Утарова Алия Аманбаевна. Жас спортшымызды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта биік белестерді бағындырып, Қазақстанның көк байрағын әлемдік ареналарда желбірете беруіне тілектеспіз!
















