Жәрмеңкеде жұмыс бар

Жәрмеңкеде   жұмыс бар

Атырауда өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне өңірдегі 57 мекеме қатысып, 750-ден астам вакансия ұсынып отыр. Оның 452-сі жұмысшы мамандықтарына тиесілі болса, 300-ден астамы инженерлік бағытты қамтыды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері сегіз жәрмеңке ұйымдастырылып, оған 170-тен астам мекеме қатысқан. Нәтижесінде 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылды.

– Жұмыс берушілер тарапынан жұмысшы мамандықтарына сұраныс жоғары. Осыған байланысты жәрмеңкеде түрлі санаттағы азаматтарға мүмкіндік жасалды. Атап айтқанда, алимент борышы бар, жазасын өтеу орындарынан босап шыққан және пробация есебіндегі азаматтар қатысты. Сонымен қатар субсидияланатын жұмыс орындары туралы ақпарат берілді, – дейді басқарма өкілі Еркебұлан Әбілқасымов.

Өткен жылы өңірде 55 жәрмеңке өткізіліп, 1000-ға жуық тұрғын жұмыспен қамтылған.

 

А. ХАМИТТЕГІ
30.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25174
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24692
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42114
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37975
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42448