Жамбыл облысында 1 400-ге жуық мүгедектігі бар адам тұрақты жұмыспен қамтылды

Жамбыл облысында 1 400-ге жуық мүгедектігі бар адам тұрақты жұмыспен қамтылды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды.

​Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің баяндамасы тыңдалды.

​Жамбыл облысында 45 571 адамның мүгедектігі бар.

​Биыл осы санаттағы азаматтарды әлеуметтік-психологиялық, медициналық оңалтуға 4,3 млрд. теңге бөлініп, жоспар 93,9 пайызға орындалды. Сонымен бірге әлеуметтік қызметтерге 2,6 млрд. теңге қаралды.

​18 медициналық-әлеуметтік мекемеде мүгедектігі бар 944 адам мен 415 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі.

​Биыл 259 нысанды ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімдеу жоспарланып, 189 ғимаратта жұмыстар аяқталды.

​Инватакси қызметін 2300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат пайдаланады. Ол үшін арнайы жабдықталған 32 арнайы автокөлік қарастырылған.

​Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы мәліметке сәйкес мүгедектігі бар 2 150 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде 679 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек, 102 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 715 азамат тұрақты жұмыс тапты.
​
Аппараттық кеңесте Тараз қаласы мен аудан әкімдері әлеуметтік нысандарды бейімдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамту бойынша атқарылған жұмыстардың есебін берді.

​Облыс әкімі мүгедектігі бар азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауды, тұрақты жұмыспен қамтуды, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін мамандардың біліктілігін арттыруды назардан тыс қалдырмауды талап етті.

​Ербол Қарашөкеев кейбір жекеменшік нысандардағы пандустың стандартқа сай келмейтінін, тіпті қарапайым адамның мініп-түсуі мүмкін емес екенін айта келе, бұл бойынша облыстық әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Аслан Оразбековке қатаң шаралар қабылдауды ескертті.

​Бұдан бөлек, мүгедектікті тағайындау бойынша халықтың арыз-шағымына назар аударды. Жауаптыларға заң аясында медициналық-әлеуметтік сараптаманың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін ұсыныс әзірлеуге 1 ай уақыт берді.

​- Науқастарды әуре-сарсаңға салуды тоқтату қажет, — деген облыс әкімі мүгедектігі бар азаматтардың мәселесіне зор жауапкершілікпен қарауды міндеттеді.

​Аппараттық кеңесте мүгедектігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу бойынша білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлішер Әзімбай баяндама жасады.

​Облыста ерекше білім беруді қажет ететін 9 468 бала бар, оның 7 120-на білім мен тәрбие берілуде.

​447 жалпы білім беретін мектептің 89 пайызы, 224 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеменің 81 пайызы инклюзивті білім беруге лайықталған.

​Ербол Қарашөкеев мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы инклюзивті біліммен қамту жұмыстарын одан әрі жандандыруды, Тараз қаласынан қосымша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталығын ашу бойынша нақты ұсыныс әзірлеуді тапсырды.

Жамбыл облысы әкімдігі
28.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28176
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27658
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45027
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40679
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45329