Референдум

Закариянова Бағила Тұрсынқызы, психолог: Балалар мен жасөспірімдер суициді –қоғамның ауыр дерті

Закариянова Бағила Тұрсынқызы, психолог: Балалар  мен жасөспірімдер  суициді –қоғамның ауыр дерті

       -Бағила ханым, қазір елімізде балалар  мен жасөспірімдердің өздеріне қол салуы  жиілеп кетті. Мұндай суицидтік мінез-құлықтың жиілеуі – қоғам мен отбасы үшін үлкен дабыл қағатындай жағдай. Оның себебі неде деп түсіндірер едіңіз?

- Иә, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) бүгінгі кезеңде қиын мәселеге айналып барады.  Иә, еліміздің болашағы деп үміт күтіп отырған жастарымыздың  осындай оқыс әрекеттер жасауы қабырғамызды қайыстырады.  Статистикалық мәліметтердің сүйенетін болсақ, Әлемде жылына 1 млн адам статистикалық мәліметтер бойынша өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Суицид ұғымы — бұл ерікті түрде өмір сүруді тоқтату деген сөз.

                           Суицидтің ең көп тараған себептері:

- жалғыздық, қажетсіздік сезімі;

- ата-анамен екі арадағы жанжалдар;

- қаржылық проблемалар;

- психикалық күйзеліс, депрессия;

                    Суицидке апаратын бұдан да басқа негізгі себептер:

-Тұқым қуалау. Суицид тұқым арқылы, қан арқылы берілетіні зерттелген.  Көп жылдар бұрын отбасы, жақындар арасында осындай жағдай болса, кейін бұл балалардан өз-өзіне қол жұмсау белгілері сезіледі. Ол үшін дереу бұндай әрекетке тосқауыл қойып, өз өмірін қиюына  жол бермеу керек.

-Оқыс әрекет — психикалық жарақат. Кейбір  отбасылар  баланың көзінше ұрысып, жанжалдасып жатады. Тіпті  балаға ұрсып, «сен маған бәле болдың ғой» деген сияқты ауыр сөздер айтып жатады. «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей  бұндай жағдай  балаға жылу мен мейірімділік сыйламайды. Керісінше жылу мен мейірімге зәру болады. Оған қорқыныш пен үрей әкеледі. Оқыста жасаған кез келген әрекет бала жанына  жарақат салады.

-Тылсым күш. Кейбір адамдардың құлағына түрлі дыбыстар келіп, түсінде де, өңінде де белгісіз біреулер көрінеді екен. Осындай қауіпті де  қорқынышты нәрселерді психологтар тереңінен зерттеуді талап етеді.  Өмірде бұндай жағдайлар орын алып жатқан болса, мамандарға дер кезінде  қаралып, керекті емді алған жөн.

-Нашақорлық. Елімізде жылда  кәмелетке  толмаған мыңдаған жасөспірім балалар нашақорлық кесірінен  өмірден кетеді. Бүгінгі кезеңде  нашақорлық проблемасы  қоғамда ушығып тұрған мәселе. Осы нашақорлық  дерті  жасөспірімдер  арасындағы өлімді арттыратын  негізгі жағдайлардың бірі болып саналады.

-Жауапсыз махаббат. Көбіне жастар жауапсыз махаббат кесірінен күйзеліске түсіп, сосын  күйзелестен шығудың бірден-бір  жолы өз-өзіне қол салу деп түсінеді.  Жасөспірімдер арасындағы махаббат жағдайы да өз-өзіне қол жұмсауға дейін әкеліп жататыны белгілі. Жауапсыз махаббат салдары күйзеліске әкеліп, соңында бұл күйзелестен шығу жолын көп жасөспірім осылай іздейді.   -Науқас. Көбіне дертке шалдыққан балалар ата-анасының өздерін бағып-қағып қалай қиналып өсіріп жатқандарын көріп, оларға артық жүк болғылары келмейді. Бұдан құтылудың жеңіл жолы-суицид деп ойлайды.

- Өз-өзіне қол салудың зияны мен зардаптары қандай? Оны қалай тоқтатуға болады, осы орайда психологтар не істеп жатыр?

- Дұрыс айтасыз, қазіргі қоғамда балалар мен жасөспірімдер арасындағы психикалық денсаулық мәселесі ерекше маңызға ие болып отыр. Психолог ретінде біздің басты міндетіміз - бұл мәселенің алдын алу, яғни баланың ішкі жан дүниесін түсіну, ерте белгілерді байқау және уақтылы психологиялық көмек көрсету.  Эрих Фромм айтқандай: «Адамның ең терең қажеттілігі — басқалармен бірігу, сүйіспеншілік пен байланыс сезімін табу».  Яғни, егер бала өз орнын қоғамда таппаса, өзін түсінетін адамды көрмесе, оның ішкі күйі суицидтік ойларға әкелуі мүмкін. Суицидтің алдын алу — тек психологтың емес, бүкіл қоғамның міндеті. Бірақ мектеп психологының рөлі бұл жерде ерекше.

                                Психолог маманның міндеті:

- Баланың эмоционалдық жағдайын жүйелі бақылап отыруы керек; 

- Сенім арнасы мен «қауіпсіз орта» құруы қажет; 

- Оқушылармен ашық әңгіме, тренинг, арт-терапия, рефлексиялық сабақтар жүргізуі тиіс;

 - Мұғалімдер мен ата-аналарға психологиялық кеңес беріп, қауіпті мінез белгілерін тануға үйретуі керек.

Карл Роджерс айтқандай: «Адамды өзгерту үшін оны ең алдымен түсіну қажет». Сондықтан баламен жұмыс істеуде басты қағида – тыңдау және түсіну. Психолог әрбір баланың ішкі әлеміне еніп, оған сенім ұялата білуі тиіс.

  Статистика мәліметтері  бойынша елімізде  жылда 200-ге жуық жасөспірім өз-өзіне қол салып, өмірмен қош айтысады. Отбасы мүшелеріне балалар мен жасөспірімдердің суициді өз  әсерін тигізбей қоймайды.  Олар «осы жерде менің  кінәм бар шығар» деген сұрақты өздеріне қойып,  балаларымен қарым-қатынасын еске алып, салыстырып, асығыс қадамға барады.  Ақыр  соңында  психологиялық науқасқа шалдығып,  күйзеліс, стреске түсіп, шыдамай өзіне қол салуға баруы мүмкін.

                              Жасөспірімдік суицидтің  зардаптары:

-Үлкендердің суицид жасауына себеп болады.

 -Ел экономикасының дамуы  үшін де зор кедергі.

-Қоғамымыздың болашақтағы өсуін тежеп,  елдің өсуі мен демографиясына кері әсер етпек.

    Ғалымдардың зерттеуі бойынша суицидтің 3 түрі болады:

 -жасырын суицид ( олар өзіне-өзі қол жұмсау жақсы іс еместігін біліп-сезеді, бірақ тығырықтан шыға алмай, өздерін өлімге апарады.

-шынайы суицид ( бұған барған жандар шынымен де өлгісі келеді, сүлесоқ көңілсіз жүреді);

-жариялық суицид ( бұл түрмен ауырғандар көбісі өлгісі келетінін айналасына айтып, жариялайды);

  Психолог мамандар күндіз-түні ойланып, жастар арасында суицидтің алдын алудың бірыңғай ұлттық бағдарламасын құру идеясын ұсынып отыр.  Осы бағдарлама негізінде  балалар мен жастарды қорғау мәселелерімен айналысатын ұйымдардың істеріне  салыстырылып талдау жүргізілмек. Сондай-ақ  мектеп пен колледждердегі психолог мамандардың білімін күшейтіп, олар басқа  жұмыстармен айналыспай, тек  жасөспірім балалардың жағдайымен  айналысуға жағдай жасаған жөн.  Міне осындай мәселелерге орай психолог Алексей Ли арнайы оқу-әдістемелік құралын дайындады.  

             Оқу-әдістемелік құрал мынадай жағдайлардың алдын алады:

-ықтимал суицидтің  алдын ерте алуға  жәрдемдеседі;

-суицидтік белгілерді ерте анықтап білуді;

-баланың проблемасына ерте араласып,  маман көмегін қалай алуды;

-өз-өзіне қол салуға жетелейтін  ой - сезімдерді ерте танып-білуді.

-Сұхбат бергеніңізге көп рақмет!  Жастарымыз бәле-жала, қауіп-қатерден аман болсын!

                                                                                                              Сұхбаттасқан-Шаргүл Қасымханқызы

                                                                                                                                     

16.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23906
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23575
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40810
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37001
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41247