Ұлытау облысы Жедел басқару орталығы жұмыс істеуде

Ұлытау облысы  Жедел басқару   орталығы жұмыс істеуде

 

 

Әмбебап кешен тәулік бойы өңірдегі 3 мың 600-ден астам бейнебақылау камерасын қадағалайды. Бақылау құралдары көшелер, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй аулаларына орнатылған. Мамандар жасанды интеллекті технологияларына негізделген мұндай камералар қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік беретінін айтады.

Жедел басқару орталығына облысқа қарасты қала-аудандардағы 3645 бейнебақылау камерасы қосылған. Оның 34-і көлік жылдамдығын өлшейді. Адамның бет-жүзі мен көліктің мемлекеттік нөмірін анықтайтын 100-ден астам камера бар. Бұл орталық бүгінге дейін сынақ режимінде жұмыс істеген. Осы аралықта тіркелген деректердің 90 пайызы бақылау камераларының көмегімен ашылған. Облыста 20-дан астам дабыл батырмасы орнатылған. Одан шыққан сигнал да тікелей осы орталыққа түседі. Бұл жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Сондықтан өңірдегі өзге де қала-аудандарда шағын басқару орталықтары құрылуда.  Қажетті бейнекамераларды жергілікті әкімдік орнатып береді.

Дайындаған –

 Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА

11.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23461
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23124
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39370
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36623
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40755