Украина соғысқа қажетті қаражатты Еуропадан алмақ

Украина соғысқа қажетті қаражатты Еуропадан алмақ

Бірақ Еуропа үшін Таяу Шығыстағы соғыс үлкен қатер төндіруде. Трамптың «Ормуз бұғазын оны пайдаланатын елдер күзетсін» деген пайымы Еуропа мен араб монархиялары үшін үлкен соққы. Америка Парсы шығанағынан мұнай-газ алмайды. Израильге де Әзербайжаннан алып отырған мұнайы жетіп артылады. Қытай Иранмен келісе алады. Ал, Ресей энергетикасынан толық бас тартқан Еуропа үшін бұл өте қиын ақ. Өткенде Иранмен соғыс ол Еуропаның проблемасы емес деуі соны сезгендіктен шығар. 

Қару-жарақ тапшылығы да айтылуда. Еуропадағы ең үлкен қару-жарақ концерні Rheinmetall басшысы Паппергер: 

– ПВО жүйелерінің таусылуы Еуропаны қорғансыз қалдырды. Енді АҚШ-тан қару сатып алу үшін бәсеке басталады, – деді.

Осылайша Әлемдік саясатта «Ережелерге негізделген тәртіп» (Rules-based order) құрдымға батып барады. Ертең зор мемлекеттер не дерін ешкім болжап білмейді. Сталин, Рузвельт-Трумэн, Черчиль бекіткен Ялтадағы Бітім келісімі өзегерері анық. Оның орнына ауыспалы кезең, өткелдегі шақта «Күштінің құқығы» күшейіп тұр.

Иран, әлем бидеушісі АҚШ-қа қарсы тұра алатынын дәлелдеді. Егер де ядролық бомбасы болса жарты әлемді билеп кететіндей шамасы барын көрсетті. Кім білсін ондай жағдайда исі мұсылман аятолла тәртібіне бағынсын деп қоқаңдауы мүмкін бе еді? Елу жыл бес мың түрлі санкция астында болса да осыншалықты қаруланған мемлекет екенін ешкім болжай алмаған. Дегенмен Пехлеви шахтың тұсында Совет елі мен АҚШ- тан кейін әскері мен қаруы мықты үшінші ел екені ресми айтылатын. Сондықтан да Шахты АҚШ қолдағанмен, Шахтың күшейгенінен қорыққан Франция бастаған Еуропа елдері Шахты құлатып, Аятолла Хаменейге қолғабыс жасап Иран билігіне әкелген еді. Бәлкім Еуропа сол елу жыл бұрынғы аятоллашыларға жасаған қамқорлығын қазіргі аятоллашылардың есіне салар. Әр ел өз жағдайын күйттеген қиын заман болып тұр ғой...

Біздің Әділетті Қазақстан үшін бұл жауапкершілігі өте зор кезең. Осы орайда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарулы қақтығыстар болып жатқан елдерге үндеу жасады:

«Таяу Шығыстағы соғыстан көріп отырмыз. Соғыс әбден шиеленісіп кетті. Меніңше, бұл қақтығыста ақыры еш мемлекет өз пайдасына қол жеткізе алмайды. Қазақстан қақтығыс болып жатқан аймақтың бір бөлігі. Сондықтан осы қастерлі жерден барлық елдерге халықаралық қауымдастыққа Үндеу жасағым келеді. 

Ең алдымен, азаматтық, экономикалық нысандарға қарулы шабуылдарды тоқтату керек. Содан соң келіссөздерді бастау керек. Қазақстан бұл күрделі ахуалда дәнекер болғысы келмейді, бірақ өзіміздің жерімізді бейбіт келіссөздер үшін ұсынуға дайынбыз. Меніңше, Түркістанда осындай келіссөздер өткізуге болар еді», – деді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бұл – қазақ халқының ізгі ниетінің көрінісі. 

Махат Садық

 

01.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24156
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23827
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41297
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37212
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41504