Түркістан облысы Спортшылар қуанышы

Түркістан облысы  Спортшылар   қуанышы

 

Шардара қаласындағы спорт кешенінде қол күресі спортынан Шардара ауданының ашық біріншілігі салтанатты түрде басталды. Салтанатты шараға аудан спортшылары, ардагерлер, спорт сүйер қауым мен қонақтар қатысты. Жарыстың ашылу рәсімінде аудан әкімі, «Шардара армспорт» спорт клубының негізін қалаушы Арман Қарсыбаев қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі. Өз сөзінде аудан әкімі армспорттың жастарды төзімділікке, табандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтін маңызды спорт түрі екенін атап өтті. Шара барысында еліміздің көк туын әлемдік және халықаралық ареналарда желбіретіп жүрген «Шардара армспорт» клубының үздік спортшылары ерекше құрметке ие болды. Жыл қорытындысы бойынша бірқатар спортшыларға аудан әкімінің Алғыс хаты мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар салтанатты жиында армрестлингтен жасөспірімдер арасында төрт дүркін әлем чемпионы Маманияз Жасурбекке «Шардара армспорт» спортшылары атынан 5 бөлмелі тұрғын үйдің кілті табысталды. Бұл – жас чемпионның ел намысын қорғап, биік белестерді бағындырған еңбегіне көрсетілген зор құрмет.

 

11.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23461
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23124
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39370
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36623
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40755