Экран дәуіріндегі журналистиканы зор өзгеріс күтіп тұр

Экран дәуіріндегі журналистиканы зор өзгеріс күтіп тұр

Ақпарат атты алып қазанның буы бұрқырап, мазмұны қайнап жатқан сәтте, оның дәмін келтіріп, мәнін айқындайтын – журналистер десек, артық емес. Себебі, журналист жаңалықтың нәрімен сусындап, қоғамға соны жеткізуді өмірінің өзегіне айналдырған тұлға. Бұл мамандық әрдайым этика мен кәсіби стандартқа сүйеніп, коғам алдында біршама жауапкершілік арқалайды. Алайда бүгінгі таңда журналистиканың рөлі айтарлықтай өзгеріске ұшырап отыр. Қазіргі уақытта ақпараттың басым бөлігі әлеуметтік желілер арқылы таралады. Бұл көрініс журналистиканың даму бағытына жаңа талаптар қойып, оның табиғатын өзгертуде.  

Бүгінде адамзат жасанды интеллект пен генеративті нейрожелілер кезеңіне қадам басты. Бұл технологиялар журналистика саласына қалай әсер етеді деген сұрақ ылғи талқылануда. Бірқатар мамандар бұл өзгерістерді қауіп ретінде қабылдаса, енді бірі жаңа мүмкіндіктердің бастауы деп санайды. Осы ой туралы әлемге әйгілі «The New York Times» газет және онлайн жаңалықтар платформасы өз пікірін білдірген: «The New York Times» басшылығы генеративті нейрожелілер журналистердің мүмкіндіктерін кеңейте алады деп есептейді. Бұл туралы «Semafor» басылымы ішкі хабарламаларға сілтеме жасап жазған. 

Шын мәнінде де бұл жүйелер мүмкіндіктерді кеңейтіп, жұмысты жеңілдетуі мүмкін. Дегенмен, жас мамандар арасында алаңдаушылық та жоқ емес. Көпшілік «жасанды интеллект» журналистиканы алмастыра ма?» деген сұраққа жауап іздеуде. Алайда бұл үрдіске біржақты қарауға болмайды деп ойлаймын. Расында, цифрлық технологиялар журналистиканы толық баса алмайды. Себебі, журналистиканың өзегі де, өз құндылығы да – адам.

Ақпаратты тек жинап қана қоймай, оны тексеру, саралау, қоғамға дұрыс жеткізу және оның салдарына жауап беру – тек кәсіби журналистің қолынан келетін әрекет. Жасанды интеллект тек көмекші құрал бола алады. Ал негізгі жауапкершілік пен шешім қабылдау әрқашан адамның еншісінде қалады.  

Қазіргі жасөспірімдердің көбі дәстүрлі кітапханалар мен ізденістерді жоғалтқаны көп көрініс тауып жүр. Әлемдік жаһандану дәуірінде түрлі боттар мен сайттар адам психологиясын баяу үгітіп келеді. Тұтынушылар қолындағы газетін смартфон, планшет немесе компьютердегі оқу үшін сайттар мен қолбандаларға алмастырды.

Соның бірі газет индустриясының тұрақты құлдырауы жаңалықтарды хабарлау және тарату тәсілдерінің толығымен қайта жаңаруына себеп болды. Бірақ тәсілдер айтарлықтай түбегейлі өзгерген жоқ, тіпті солай қалды десек те болады. Айырмашылықтары жаңалықты тарату жылдамдығы, журналистер үздіксіз бәсекелестігі және оқырманға жеткізудің әртүрлі тәсілдерінде жатыр. 

Онлайн журналистиканың бірден қарқынды дамуы адамдардың жаңалықтарға қол жеткізу тәсілін түпкілікті өзгертті. Егер шұғыл оқиғалар орын алса, онлайн журналистер дереу байланыс жасай алады. Бірақ цифрлық журналистика неғұрлым тез дамыған сайын қоғамда жалған ақпарат көздері мен баспасөз бостандығына қысым көрсету үрдісі көбею үстінде. Жаңалықтардың тез таралатын дәуірінде жалған ақпараттың таралуы саясатқа, экономикаға, тіпті бүкіл мемлекеттердің қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін күш деп есептеймін. Зерттеу мағлұматтарына сүйенсек, қазір аудиторияның ыстық ықыласына бөленіп жүрген цифрлық арналар әр көрерменнің немесе оқырманның қызығушылықтарына сай жаңалық көрсетіп отырады. Бұл дегеніміз – сіздің қай жаңалыққа басымдық беру керегіңізді шешетін алгоритм іспеттес болып тұрғанын білдірмек. 

Қорытындылай келе, цифрлық дәуір журналистикаға жаңа мүмкіндіктермен қатар, жаңа сын-қатерлер де әкелді. Журналистика өлген жоқ. Ол тек өзгеру үстінде. Журналист болғысы келетін студенттер енді өз үлестерін журналистика дағдыларына қосу үшін цифрлық журналистикамен таныс болуы керек. Сондай талапкерлердің бірі өзім болғандықтан, аталмыш мүмкіндіктерден мен де тәжірибе толықтырып жүргенім бекер емес. Журналист өз аудиториясын талдап, олармен тиімді қарым-қатынасқа назар аударып қана қоймай, жылдам әрекет етуі тиіс деп ойлаймын. Бұл өзгерістерге бейімделе отырып, болашақта журналист ретінде өз кәсіби құңдылықтарымды сақтай білуім тиіс. Себебі сапалы әрі шынайы ақпарат – қоғам дамуының негізгі тірегі.  

 Аида ӨМІРЗАҚОВА,

11-сынып оқушысы  

 

03.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24157
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23828
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41299
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37213
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41506